Түркістан облысында жаңа оқу жылындағы қауіпсіздік мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Жаңа оқу жылы қарсаңында білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелері бойынша Түркістан облысы полиция департаментінде кеңейтілген семинар-кеңес өткізілді.

     Жиынға полиция департаменті бастығының орынбасары Б. Жанаев төрағалық етті. Іс-шараға Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілі Т. Аширбаев, облыстық білім басқармасының өкілдері, полицияның жауапты қызметкерлері, білім беру ұйымдары мен жеке күзет ұйымдарының басшылары қатысты.

     Жиында білім беру нысандарындағы қауіпсіздік талаптарын сақтау, оқушылар мен педагогтердің қауіпсіздігін күшейту, сондай-ақ терроризм қаупі туындаған жағдайда жедел әрі үйлесімді әрекет ету алгоритмдері талқыланды.

     Жеке күзет ұйымдарының басшыларына қызметкерлердің кәсіби даярлығын арттыру, оқу-жаттығу сабақтарын тұрақты өткізу, қауіпсіздік талаптарын сақтау және полиция органдарымен өзара іс-қимылды күшейту бойынша нақты тапсырмалар берілді.

     Кездесу қорытындысымен жиналғандар білім алушылар мен педагогтер үшін қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған профилактикалық және қауіпсіздік шараларын күшейтуді жалғастыруға уағдаласты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1284520?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version