600 орындық білім ордасы: Риддерде заманауи мектеп ашылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Риддер қаласында «Казцинк» ЖШС жеке қаражаты есебінен салынған, мемлекеттік оқыту тіліндегі 600 оқушыға арналған жаңа жалпы білім беретін мектептің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Оған Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты.

Ауқымды әлеуметтік жоба қаланың 5-ші шағына уданында жүзеге асырылды. Жаңа білім ордасының жалпы аумағы 10 мың шаршы метрден асады. Үш блокты ғимарат қауіпсіздік пен жайлылықтың озық стандарттарына қатаң сәйкес жобаланып, жабдықталған.

Білім ордасында оқушылардың сапалы білім алуы және шығармашылық тұрғыда дамуы үшін барлық жағдай жасалған: 5-11 сыныптарға арналған кең оқу кабинеттері, мамандандырылған шеберханалар, заманауи кітапхана, ресурс орталығы, бастауыш сыныптарға арналған толығымен оқшауланған және қауіпсіз оқу аймағы бар. Ғимаратта үлкен және кіші спорт залдары, 135 орындық акт залы, толыққанды медициналық блок, логопед пен психолог кабинеттері қарастырылған.

Балалардың сапалы тамақтануына ерекше назар аударылып, заманауи асхана жабдықталған. Мектептің іргелес аумағы да көпфункционалды спорттық-ойын алаңына айналды. Мұнда футбол, волейбол және баскетбол ойнауға арналған заманауи алаңдар, кәсіби 250 метрлік жүгіру жолағы, әртүрлі жас тобындағы балаларға арналған жайлы ойын және демалыс аймақтары жабдықталған.

Жаңа мектептің пайдалануға берілуі қаланың білім беру инфрақұрылымын дамытуға қуатты серпін беріп, өскелең ұрпақ үшін қолайлы, технологиялық орта қалыптастырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-sayasat/press/news/details/1284158?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version