Абай облысында агроөнеркәсіптік кешеннің өндірістік әлеуетін арттыруға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ірі инвестициялық жобалар жүйелі түрде жүзеге асырылуда.
Осы бағыттағы маңызды жобалардың бірі – Бесқарағай ауданында «Abai Poultry Agro» кәсіпорнының заманауи құс фабрикасын салу жобасы.
Ағымдағы жылдың шілде айының ортасында облыс әкімі Берік Уәлиұлының қатысуымен аталған кәсіпорынның құс фабрикасының іргетасы қаланды.
Жоба жылына 150 млн дана жұмыртқа өндіруге мүмкіндік беретін заманауи, жоғары технологиялық өндіріс орнын құруды көздейді.
Жалпы инвестиция көлемі – 8,5 млрд теңге. Оның ішінде 5,0 млрд теңге Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін тираждау бағдарламасы аясында қаржыландырылды.
Жобаны 2027 жылдың II тоқсанына дейін іске асыру жоспарлануда.
Жобаның іске қосылуы өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтып, Абай облысының ішкі нарығындағы жұмыртқа қажеттілігін 100%-ға дейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жаңа өндірістің іске қосылуы жергілікті өндіріс көлемін ұлғайтып, импортқа тәуелділікті төмендетуге және ауыл шаруашылығы саласының дамуына серпін береді.
«Abai Poultry Agro» – өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды инвестициялық жоба.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-agro/press/news/details/1284194?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау