Сегізінші шақырылған Курчатов қалалық мәслихаты кезектен тыс қырық бесінші сессиясының 2026 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 45/283-VIІІ шешімі
Курчатов қалалық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 13/76-VIІІ «Аумақтық және учаскелік сайлау
комиссияларының мүшелерін сайлау туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10, 19 – баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 7-1) тармақшасына сәйкес Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Курчатов қалалық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №13/76-VIІІ «Аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері мiндеттерiн атқарудан босату туралы өз ерiктерімен өтiнiш берулеріне байланысты міндеттерінен босатылсын:
№ 152 «Қазақстанның халық партиясы» ҚБ – дан Клара Ералиевна Бекназарова;
№ 157 «Қазақстанның халық партиясы» ҚБ – дан Адлет Ануарханович Шамиев;
№ 157 «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы» ҚБ – дан Анастасия Владимировна Байжуманова;
№ 158 «AMANAT»партиясы» ҚБ – дан Айнур Амантаевна Ахметова;
№ 160 «AMANAT»партиясы» ҚБ – дан Женис Асенович Мухалиев;
№ 161 «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы» ҚБ – дан Индира Эдельевна Каримова.
- Саяси партиялар мен өзге де қоғамдық бірлестіктер № 152, № 157, № 158, № 160, № 161 учаскелік сайлау комиссияларының құрамына шығып қалған мүшелердің орнына кандидаттар бойынша ұсыныстарды 2026 жылдың 18 қыркүйекке дейін енгізсін.
- Осы шешім қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Курчатов қалалық мәслихаты төрағасының
өкілеттігін уақытша жүзеге асырушы А. Кенес
ШЫҒЫП ҚАЛҒАН МҮШЕЛЕРДІҢ ОРНЫНА КУРЧАТОВ ҚАЛАСЫ САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІН САЙЛАУ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10, 19 – баптарына сәйкес Абай облысы Курчатов қаласының мәслихаты мүшелерді сайлау туралы хабарлайды:
|
Сайлау комиссиясының атауы және нөмірі |
Сайлау комиссиясының орналасқан жері |
|
Курчатов қаласының № 152 учаскелік сайлау комиссиясы
|
Курчатов қаласы, Тәуелсіздік көшесі,10 Абай облысы білім басқармасы Курчатов қаласы білім бөлімінің «№ 2 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ ғимараты |
|
Курчатов қаласының № 157 учаскелік сайлау комиссиясы
|
Курчатов қаласы, Олимпийская көшесі, 3, Абай облысы білім басқармасы Курчатов қаласы білім бөлімінің «№ 3 орта мектебі» КММ ғимараты |
|
Курчатов қаласының № 158 учаскелік сайлау комиссиясы
|
Курчатов қаласы, Олимпийская көшесі, 30, Абай облысы білім басқармасы Курчатов қаласы білім бөлімінің «Журавушка» балабақшасы» МКҚК ғимараты |
|
Курчатов қаласының № 160 учаскелік сайлау комиссиясы
|
Курчатов қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 12, Абай облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының «Курчатов қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ ғимараты |
|
Курчатов қаласының № 161 учаскелік сайлау комиссиясы
|
Курчатов қаласы, Абай көшесі, 50 Абай облысы білім басқармасы Курчатов қаласы білім бөлімінің «№ 4 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ ғимараты |
Сайлау комиссиясының мүшелері тиісті комиссия орналасқан әкімшілік аумақтық бірлік аумағында тұруы тиіс.
Саяси партиялар және өзге де қоғамдық бірлестіктерден сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар бойынша келіп түскен ұсыныстарды Курчатов қалалық мәслихаты 2026 жылдың 3 қыркүйегінен бастап 18 қыркүйегіне дейін қабылдайды.
Материалдарды жинауға жауапты тұлға: Сакаев Ерболат Толеубекович, тел. 8 (72251) 3 40 66, факс 8 (72251) 3 31 80.
Пошта индексі 180010, Абай облысы, Курчатов қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 4, Курчатов қалалық мәслихаты, электронды пошта maslihatkur@mail.ru
Курчатов қалалық мәслихаты төрағасының өкілеттігін уақытша жүзеге асырушы А. Кенес
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kurchatovmaslihat/press/news/details/1284193?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау