Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Шымкент қаласы бойынша өкілдігіне азамат баласының құжаттарындағы жынысына қатысты қате мәліметті түзету мәселесі бойынша жүгінді.
Арыз иесінің айтуынша, бала дүниеге келген медициналық ұйымға және АХАТ бөліміне бірнеше рет жүгінгеніне қарамастан, мәселе екі жылға жуық уақыт бойы шешімін таппаған. Жауапты уәкілетті органдар арасында мәселені бір-біріне сілтеу орын алып, азаматтың өтініші тиісті деңгейде шешілмей келген.
Өкілдікке жүгінгеннен кейін азаматтың арызы назарға алынып, мәселені шешу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді.
Нәтижесінде баланың мемлекеттік ақпараттық жүйелеріндегі жынысы туралы қате мәлімет түзетіліп, «Әйел» деп дұрыс көрсетілді.
Осылайша, Өкілдіктің араласуы нәтижесінде азаматтың екі жылға жуық уақыт бойы шешілмей келген мәселесі оң шешімін тауып, баланың құжаттары мен ақпараттық жүйелеріндегі мәліметтер сәйкестендірілді.
Арыз иесі қабылданған шараларға қанағаттанатынын білдірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-shymkent/press/news/details/1284338?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау