Ақтау қаласында Маңғыстау облысы Полиция департаменті криминалдық полиция қызметкерлері жедел ақпаратты тексеру барысында ЖБО, СОБР және патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің қатысуымен Toyota Camry автокөлігін тоқтатты.
Көлікті тінту кезінде жүксалғыштан сегіз пакетке салынған 50 дана бекіре тұқымдас балық анықталып, тәркіленді. Балықтың жалпы салмағы 205 келіні құрады.
Автокөлікте болған екі ер адам ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тәркіленген балық жауапты сақтауға берілді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда.
Полиция сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін заңсыз аулау, сақтау, тасымалдау және өткізу заңнамада белгіленген жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады.
Полиция азаматтарды өңірдің табиғи ресурстарына ұқыпты қарауға және экологиялық құқық бұзушылық фактілеріне бейжай қарамауға шақырады.
Бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз аулау немесе олардың заңсыз айналымы туралы ақпарат болған жағдайда, дереу «102» нөміріне хабарласу қажет.
https://polisia.kz/ru/politsejskie-iz-yali-bolee-200-kg-osetra-v-mangistauskoj-oblasti/
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1284337?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау