Алименттерді өндіріп алу және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өткізілді. Кездесу барысында алименттерді өндіріп алу туралы сот актілерін орындау және баланың тиісті материалдық қамтамасыз етілу құқығын қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Отырысқа облыс және Петропавл қаласы прокуратураларының, полиция департаментінің өкілдері, Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің мүшесі, сондай-ақ жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының өкілдері қатысты.
Қаралған мәселелердің қатарында жекелеген сот актілерінің ұзақ уақыт бойы орындалмауы, борышкерлердің жүрген жерін анықтау, олардың кірістері мен мүлкін анықтау, сондай-ақ заңнамада көзделген шараларды қолдану мәселелері болды.
Борышкерлерді іздестіру және олардың сот орындаушыларының шақырулары бойынша келуін қамтамасыз ету кезінде ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселесіне ерекше назар аударылды. Әрбір қатысушының құзыреті шегінде ақпарат алмасу және қажетті шараларды уақтылы қабылдау мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ алименттік міндеттемелерін орындаудан жалтарған тұлғаларға жауапкершілік шараларын қолдану және атқарушылық іс жүргізуді жүргізу кезінде заңдылықтың сақталуы мәселелері қаралды.
Балалардың алимент түріндегі тиісті қамтылымды алу құқықтарын қамтамасыз ету жеке сот орындаушыларының, прокуратура, әділет және полиция органдарының келісілген іс-қимылын талап ететіні атап өтілді.
Отырыс қорытындысы бойынша проблемалық атқарушылық іс жүргізулер бойынша өзара іс-қимылдың одан әрі бағыттары және алименттерді өндіріп алу туралы сот актілерінің орындалу мерзімдерін қысқартуға бағытталған шаралар айқындалды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-sko-oblysy/press/news/details/1284236?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау