Шымкент қаласында Бәйдібек би даңғылына балама ретінде Таскен тұрғын алабындағы Ақсүмбе көшесін созу құрылысы жүргізілуде. Қазіргі таңда көшенің жалғасына қажет жер учаскелерін мемлекет мұқтажына алу процесі жалғасып жатыр.
Аталған жобаны іске асыру үшін жол құрылысына түсетін 33 жер учаскесі және өзге де жылжымайтын мүлік нысандары анықталды. Бүгінгі таңда 12 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылған.
Қалған 21 жер учаскесі мен үйлер Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының талаптарына сәйкес тәуелсіз бағалаушы компания тарапынан толық бағаланып, меншік иелерімен келіссөз жүргізілуде.
Меншік иелері ұсынылған өтемақы мөлшерімен келіскен жағдайда, жер учаскелерін мемлекет мұқтажына алу жұмысын Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасы Заңнамаға сәйкес жүргізеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/1284237?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау