Алматы қаласы күніне орай Әуезов ауданында «Үздік аула» байқауы жарияланды!
Әуезов ауданы әкімінің аппараты аудан тұрғындарын «Үздік аула» байқауына қатысуға шақырады.
Байқаудың мақсаты – аула аумақтарын абаттандыру мен көгалдандыруды дамыту, тұрғындардың бастамаларын қолдау, аулалардың санитариялық жағдайын жақсарту және ортақ мүлікке ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру.
Байқауға көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындары, мүлік иелерінің бірлестіктері (МИБ), бастамашыл топтар және өз аулаларын абаттандыруға белсенді атсалысып жүрген тұрғындар қатыса алады.
Бағалау барысында келесі талаптар ескеріледі:
— ауланың абаттандырылуы және эстетикалық келбеті;
— көгалдандыру және жасыл желектердің күтімі;
— тазалығы мен санитариялық жағдайы;
— тұрғындардың белсенді қатысуы;
— абаттандыру нысандарының сақталуы;
— аула аумағының қауіпсіздігі мен жайлылығы;
— тұрғындардың ерекше бастамалары мен тың шешімдері.
Байқауға қатысу үшін аула туралы қысқаша ақпарат пен фотоматериалдарды жолдау қажет.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 3–10 қыркүйек.
Өтінімдерді WhatsApp арқылы жолдау:
+7 777 222 6151
Аулаңызды таныстырып, «Үздік аула» атағына таласыңыз!
Көрікті аула – көрікті Алматы!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-auezov/press/news/details/1284627?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау