Атқарушылық іс жүргізу саласында заңнамалық өзгерістер енгізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Атқарушылық іс жүргізу саласында заңнамалық өзгерістер енгізілді

Атқарушылық іс жүргізудің тиімділігін арттыру, сот актілерінің орындалуын жеделдету және азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған өзгерістер Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында таныстырылды.

Ақтөбе облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Булат Раскалиев жаңа нормалар цифрландыруды, атқарушылық әрекеттердің ашықтығын арттыруды және тараптардың құқықтарын қорғауды көздейтінін атап өтті. Атап айтқанда, «AdiletGov» қосымшасындағы сервистер арқылы азаматтар атқарушылық іс жүргізудің барысын онлайн бақылай алады. Сондай-ақ жекелеген атқарушылық әрекеттерді аудио-, фото- және бейнетіркеу, борышкерді тұрғын үйден шығару туралы кемінде 10 күн бұрын хабардар ету және шағымдану тәртібіне қатысты өзгерістер енгізілді.

Баспасөз мәслихатында алименттік төлемдерге қатысты жаңа талаптар да түсіндірілді.

Ақтөбе облысы жеке сот орындаушылары өңірлік палатасы басшысының орынбасары Қайрат Танкаев 2026 жылғы 25 тамыздан бастап алименттерді алушылар үшін арнайы банктік шот ашу қажет екенін атап өтті.

Жаңа тәртіп бойынша алименттер тек арнайы шотқа аударылады. Ондағы қаражатқа тыйым салуға және өндіріп алуға жол берілмейді. Сондықтан алимент алушыларға арнайы шот ашып, оның IBAN деректемелерін жеке сот орындаушысына ұсыну қажет.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-aktobe-shalkar/press/news/details/1284541?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version