Санитариялық-эпидемиология саласы қызметкерлерінің күні қарсаңында Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ұжымы әріптесіміз Ағыз Төлегенұлы Қожановты құттықтайды!
Ағыз Төлегенұлы Қожанов 1954 жылғы 26 қаңтарда Қарағанды қаласында дүниеге келген. 1978 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын «Санитария» мамандығы бойынша тәмамдап, еңбек жолын Нұра аудандық дезинфекциялық станциясында бастап, онда бас дәрігер қызметін атқарды. 1981 жылдан бастап Қарағанды қаласының санитариялық-эпидемиологиялық қызметінде дәрігер-эпидемиолог болып жұмысын жалғастырды. Әр жылдары теміржол санитариялық-эпидемиологиялық станциясында, Қарағанды қаласының Ленин аудандық санитариялық-эпидемиологиялық станциясында, кейін облыстық санитариялық-эпидемиологиялық станцияда аса қауіпті инфекцияларға эпидемиологиялық қадағалау жүргізу бағытында еңбек етті.
2003 жылдан бастап Ағыз Төлегенұлының кәсіби еңбек жолы Қарағанды облысының мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау құрылымдарында жалғасты. Көп жылдар бойы карантиндік және аса қауіпті инфекцияларға, оның ішінде туберкулезге эпидемиологиялық қадағалау жүргізетін бөлімшелерде бас маман, кейін бөлім басшысы қызметтерін атқарды. Кейіннен тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесінде еңбек етіп, санитариялық-гигиеналық және эпидемиологиялық қадағалау мәселелерімен айналысты.
Ағыз Төлегенұлының жалпы еңбек өтілі 45 жылға жуық уақытты құрайды.
Құрметті Ағыз Төлегенұлы!
Кәсіби мерекеңіз қарсаңында Сізге зор денсаулық, сарқылмас күш-қуат, амандық пен бақ-береке тілейміз!
Әр күніңіз қуанышқа, ізгі кездесулер мен жағымды әсерлерге толы болсын. Көп жылғы еңбегіңіз бен мол кәсіби тәжірибеңіз әрдайым лайықты бағаланып, зор құрметке ие бола берсін.
Мерекеңізбен!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/1284540?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау