Барлық мектебінде «Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбында Бірыңғай сынып сағаты өткізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 1 қыркүйекте ауданның барлық мектебінде «Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбында Бірыңғай сынып сағаты өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың білім алу, адал еңбек ету, заң талаптарын сақтау, қоршаған ортаға ұқыпты қарау және белсенді азаматтық ұстанымның Қазақстан Республикасының тұрақты дамуы мен әрбір азаматтың әл-ауқатының негізі екендігін түсінуіне ықпал ету.
Сынып сағаттары барысында «Адал азамат», «Таза Қазақстан», «Заң және тәртіп», «Толық адам» құндылықтары мен бастамаларына, сондай-ақ оқу мәдениетін дамытуға және ұлттық құндылықтарды нығайтуға бағытталған «Зерделі ұлт» тұжырымдамасының негізгі міндеттеріне ерекше назар аударылды.
Оқушылар Конституциялық құқықтар мен азаматтық міндеттердің өзара байланысын, заңдарды сақтаудың, мемлекеттік рәміздерге, қоғамдық тәртіпке, еңбекке және табиғатқа құрметпен қараудың маңыздылығын талқылады. Сонымен қатар мектеп аумағының тазалығын сақтау, мемлекеттік мүлікке ұқыпты қарау, қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау ережелерін сақтау және цифрлық этика мәселелері қамтылды.
Іс-шаралар интерактивті форматта ұйымдастырылды. Оқушылар ашық диалогтар мен пікірталастарға қатысып, өмірлік жағдаяттарды талдады, шығармашылық тапсырмалар орындады және қоғам үшін маңызды бастамаларды талқылады.
Бірыңғай сынып сағатын өткізу өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға, ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыруға және ел болашағына жауапкершілікпен қарауына ықпал етті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/gmusrep-roo/press/news/details/1284633?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version