✅ Қауіпсіз материал
* Мектеп формасы Кеден одағының «Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімнің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің талаптарына сәйкес болуы тиіс.
* Киім ауа өткізетін, ылғалды жақсы сіңіретін, денеге жайлы және аллергиялық реакциялар тудырмайтын материалдан дайындалуы қажет.
* Табиғи талшықтардың (мақта, жүн) үлесі жоғары маталарға басымдық берген жөн.
✅ Ыңғайлылық
* Киім баланың қозғалысын шектемеуі тиіс.
* Өте тар немесе ыңғайсыз киім қан айналымына, тыныс алуына және жалпы денсаулық жағдайына теріс әсер етуі мүмкін.
* Киімнің өлшемі балаға сәйкес болуы қажет.
✅ Таңбалау
* Мектеп формасында өндіруші туралы мәліметтер, матаның құрамы, бұйымды күтіп ұстау жөніндегі ақпарат, сондай-ақ өнімнің қауіпсіздігін растайтын құжаттар туралы мәліметтер көрсетілуі тиіс.
✅ Қауіпсіздік құжаттары
* Сатып алу кезінде сәйкестік сертификатының немесе сәйкестік туралы декларацияның болуын тексеріңіз.
* Сатушы тұтынушының талабы бойынша аталған құжаттарды ұсынуға міндетті.
✅ Қосымша талаптар
* Киімде балаға жарақат келтіруі мүмкін өткір немесе қауіпті фурнитура элементтері болмауы тиіс.
* Мектеп формасы оқу орнының температуралық режимі мен климаттық жағдайларына сәйкес таңдалуы қажет.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-mangistau/press/news/details/1284459?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау