ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ «ORANO» КОМПАНИЯЛАР ТОБЫНЫҢ БАСШЫСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «ORANO» компаниялар тобы Директорлар кеңесінің төрағасы Клод Имовенмен кездесті. Кездесуде Түркістан облысы мен «ORANO» компаниялар тобы арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту және жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Нұралхан Көшеров өңірдің инвестициялық әлеуетіне тоқталып, өндіріс орындары үшін білікті мамандар даярлау бағытындағы әріптестіктің маңызын атап өтті.
– Біз үшін инвестиция тартумен қатар, жергілікті кадрларды даярлау мәселесі де аса маңызды. Осы бағытта облыстағы колледждерді компанияның қамқорлығына алып, дуалды оқыту жүйесі арқылы өндіріс орындарына қажетті мамандарды бірлесіп даярлауды ұсынамыз. Бұл жастардың теориялық біліммен қатар, нақты өндірістік тәжірибе алуына және оқуын аяқтағаннан кейін тұрақты жұмысқа орналасуына мүмкіндік береді, – деді облыс әкімі.
Клод Имовен Түркістан облысымен ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық білдіріп, өзара әріптестікті одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді.
Кездесу қорытындысында тараптар инвестициялық және кадр даярлау бағыттарындағы бірлескен жұмыстарды зерделеуге, іскерлік байланыстарды тереңдетуге уағдаласты.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1284460?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version