2026 жылғы 02 қыркүйекте Уәлиханов ауданы әкімдігінде «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жасау мәселелері бойынша семинар-қеңес өткізілді.
Семинар-қеңес аудан әкімінің аппарат басшысы Б.Олжабаевтың төрағалығымен, аудан аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Д.Мукарованың, сондай-ақ азаматтардың өтінішітерімен ауданда жұмыс жүргізуге жауапты бас маманы Л.Жолдыбаеваның қатысуымен өтті.Аталған семинар-қеңеске ауданның ауылдық округтерінің әкімдері, аудандық жергілікті бөлімдерінің басшыларымен және «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесінде жұмысқа жауапты тіркеуші мамандары қатысты.
Жұмыс барысында қатысушыларға азаматтардың өтініштерін «Е-Өтініш» жүйесінде жеке қабылдау және қарау тәртібінің жаңартылған талаптары жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, қолданыстағы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, өтініштермен жұмыс жүргізудің жаңа шарттары кеңінен баяндалды.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушыларға әдістемелік материалдар таратылып, практикалық ұсынымдар берілді. Барлық жаңашылдықтар заңнама талаптарына сәйкес толық әрі түсінікті түрде жеткізілді.
Аталған бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде ұйымдастыру мемлекеттік қызмет қөрсету сапасын арттыруға және азаматтардың өтініштерін қарау тиімділігін күшейтуге ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-ualikhanov/press/news/details/1284497?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау