Сегізінші шақырылған Қарақия аудандық мәслихатының
кезекті қырық төртінші сессиясын шақыру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабына сәйкес, Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Сегізінші шақырылған Қарақия аудандық мәслихатының қырық төртінші сессиясы 2026 жылы 07 қыркүйек күні сағат 15:00-ге аудандық мәслихаттың мәжіліс залына шақырылсын.
Сегізінші шақырылған Қарақия аудандық мәслихатының кезекті қырық төртінші сессиясының қарауына мына мәселелер енгізілсін:
- Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2025 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі;
- Қарақия ауданында құқық бұзушылық профилактикасының жай-күйі және оны жетілдіру жөніндегі шаралар туралы;
- Қарақия аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 35/287 «2026-2028 жылдарға арналған ауылдардың, ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mangystau-karakiya/press/news/details/1284498?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау