Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар және білім беру саласының ардагерлері мен қызметкерлері!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сіздерді 1 қыркүйек – Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын! Білім күні – баршаға ортақ қуаныш пен ерекше толқыныс сыйлайтын, жаңа оқу жылының басталғанын айшықтайтын маңызды күн. Әсіресе, мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер мен олардың ата-аналары үшін бұл күннің орны бөлек.

Бүгінде Бөрлі ауданының білім беру жүйесі 43 мекемеден тұрады. Оның ішінде 25 мектеп, 14 балабақша және 4 мектептен тыс білім беру мекемесі бар. Аталған білім беру ұйымдарында 10 мыңнан астам оқушы білім алып, тәрбиеленуде.

Биыл аудан бойынша 851 бүлдіршін алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, білім әлеміне қадам басады. Бұл – әрбір бала үшін жаңа мүмкіндіктердің бастауы, ал ата-ана мен ұстаз үшін үлкен жауапкершілікті талап ететін маңызды кезең.

Құрметті ұстаздар!

Сіздердің жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі еңбектеріңіз – ел болашағына қосылған баға жетпес үлес. Жаңа оқу жылында кәсіби ізденістеріңіз жемісті болып, шәкірттеріңіздің жетістігі еселене берсін!

Қымбатты оқушылар!

Жаңа оқу жылында білімге деген қызығушылықтарыңыз артып, жаңа белестерді бағындыра беріңіздер. Армандарыңыз асқақ, мақсаттарыңыз айқын, қадамдарыңыз нық болсын!

Құрметті ата-аналар!

Балаларыңыздың әрбір жетістігі сіздерге қуаныш сыйласын. Ұстаздармен бірлесе отырып, өскелең ұрпақтың сапалы білім алып, жарқын болашағына жол ашайық!

Баршаңызға жаңа оқу жылында зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шығармашылық табыс, толағай жетістіктер тілеймін! Жаңа оқу жылы жемісті әрі берекелі болсын!

Құрметпен,
Бөрлі ауданының білім беру бөлімінің басшысы Айымгул Тржанова

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-borli/press/news/details/1283983?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version