«ҮЗДІК ПЕДАГОГ – 2026»: КӘСІБИ ШЕБЕРЛІКТІ БАҒАЛАЙТЫН БАЙҚАУ БАСТАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Еліміздегі білім беру саласының үздік өкілдерін анықтауға бағытталған дәстүрлі «Үздік педагог – 2026» республикалық конкурсының жаңа кезеңі басталды.

Аталған байқау – педагогтердің кәсіби біліктілігін саралап, олардың шығармашылық ізденісін, педагогикалық тәжірибесін және білім алушылардың сапалы білім алуына қосқан үлесін танытуға мүмкіндік беретін маңызды алаң.

Конкурс барысында білім беру үдерісінде тиімді әдіс-тәсілдерді қолданып, жоғары нәтижелер көрсетіп жүрген ұстаздардың озық тәжірибесі сараланады. Сонымен қатар педагог мамандығының қоғамдағы беделін арттыруға және кәсіби дамуға ынталандыруға басымдық беріледі.

📌 «Үздік педагог – 2026» конкурсы үш кезең бойынша ұйымдастырылады:

🔹 Аудандық кезең: 27 тамыз – 11 қыркүйек;
🔹 Облыстық кезең: 14 – 21 қыркүйек;
🔹 Республикалық кезең: 22 қыркүйек – 15 қазан.

Конкурстың келесі кезеңдерінде қатысушылардың ұсынған материалдары тиісті комиссия тарапынан қаралып, белгіленген талаптарға сәйкес бағаланады.

Байқауға қатысуға ниетті педагогтер қажетті құжаттарын арнайы электрондық платформа арқылы тапсыра алады.

📲 Құжаттар https://uzdikustaz.nobd.edu.kz/#/sign-in платфор�

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-borli/press/news/details/1283982?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version