Үйлестіру кеңесінде есірткі қылмыстарының алдын алу мәселесі қаралды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Облыс прокуратурасының кезекті заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінде есірткі қылмыстарының алдын алуда құқық қорғау, жергілікті және уәкілетті органдармен атқарылған шаралардың жай-күйі қаралды.    

​Кеңес барысында өңірдегі есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрестің жай-күйі, есірткіні өткізу және сақтау арналарының жолын кесу, есірткіні заңсыз өсіру фактілерін анықтау, сондай-ақ нашақорлықтан емдеу және оңалту мәселелері талқыланды.

​Облыс прокуроры Ризабек Ожаров аймақта есірткі өсімдіктерін заңсыз егудің 44 дерегі орын алғанын атап өтіп, егілген жерлерді мемлекетке қайтару туралы тиісті шаралардың қабылданбағанын сынға алды.

​Сондай-ақ құқық қорғау органдарына есірткінің заңсыз айналымын, оның ішінде интернет кеңістігі арқылы тарату фактілерін анықтау, жеткізу арналары мен ұйымдастырушыларын әшкерелеу бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.

​Денсаулық сақтау саласына есірткіге тәуелді тұлғаларды ерте анықтау, оларды емдеу және оңалту жөніндегі жұмысты жандандыру міндеті қойылды.

​Білім беру және жастар саясаты саласындағы органдарға жастар арасында нашақорлықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмысты күшейту жөнінде тапсырма берді.

​Барлық жауапты органдарға ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтіп, формалды іс-шараларға жол бермеу және қабылданған шаралардың нақты нәтижелілігін қамтамасыз ету жүктелді.

​Кеңес қорытындысымен есірткі қылмыстарының алдын алу және олардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыруға бағытталған нақты шаралар айқындалды.

Отырысқа қатысушылар көтерілген мәселелерді қолдап, есірткіге қарсы іс-қимыл бойынша бірлескен шараларды іске асыруға дайын екендіктерін білдірді.

Қызылорда облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kyzylorda/press/news/details/1284105?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version