ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2026 жылғы тамызда құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып:
Шекара кеңістігінде 5 588 ҚР заңнамаларын бұзушыларды ұстады, соның ішінде 4 907 шетел азаматы.
Мемлекеттік шекара арқылы тауарлар мен жүктерді заңсыз өткізудің 2089фактісінің алды алынды, соның ішінде:
30 факті – есірткі заттары;
68 факті – қарулар мен оқ-дәрілер (5 бірлік пневматикалық қару, 130 бірлік суық қару, 228 бірлік оқ-дәрі);
1 061 факті – көлемі 159 тоннадан асатын жанар-жағармай материалдары;
751 факті – жалпы сомасы 1,8 млрд теңгеден астам халық тұтынатын тауарлар;
179 факті – сомасы шамамен 1,5 млрд теңгені құрайтын шетел валютасы.
Каспий су айдынында браконьерлікпен айналысудың 61 фактісі тоқтатылып, браконьерлік құралдар мен бекіре балықтары тәркіленді.
Алдын алынған шығын сомасы 561 млн теңгеден астамды құрады.
Құзыреті шеңберінде Шекара қызметі 63 қылмыстық іс қозғап, тергеу шаралары жүргізілуде.
Сондай-ақ 40 млн теңгеден астам көлемде айыппұл салынған 4 886әкімшілік іс өндірісте.
Қалған фактілер бойынша материалдар процессуалдық шешімдер қабылдануы үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.
ҰҚК Баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shekaraknb/press/news/details/1284106?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау