2026 жылдың 28 тамызында Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментімен жеке тұлғалардың көлік құралдары салығы мен мүлік салығы бойынша салық берешегін өндіріп алу тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өткізілді.
Кеңеске Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің, Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаментінің, Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының, сондай-ақ «Ақпараттық технологиялар орталығы» КММ өкілдері қатысты.
Кеңес барысында салық берешегін өндіріп алу тиімділігін арттыруға бағытталған ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту және бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shko/press/news/details/1284380?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау