Әділет министрлігіндегі Тіл мерекесі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қазақстан халқының тілдері күнін атап өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Аппарат басшысы Сандуғаш Абдразаковна Ерсеитова төрағалық етті.

Іс-шараның мақсаты – Қазақстан халқының тілдері күні мерекесі шеңберінде қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, ұлт ұстазы, қазақ ғылымының негізін салушы ғалым, қайраткер Ахмет Байтұрсынұлының cан-салалы мұрасын дәріптеу, сондай-ақ біздің елімізде тұратын барлық этностың мәдениетіне және тіліне құрметпен қарау.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Ердембекұлы Тлешов қатысты.

Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ведомстволарының, құрылымдық бөлімшелерінің және ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары мен қызметкерлерінің қатысуымен өтті.

Мерекелік іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Ердембекұлы Тлешов «Қазақ мәдениеті және Ахмет Байтұрсынов» тақырыбында дәріс оқып, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға тұшымды жауаптар алды. Сондай-ақ қатысушылар Интеллектуалдық сайысқа қатысып, өз білімдерін сынады. Экономика салаларының заңнама департаментінің сарапшысы Өсербай Өркенбай Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңін оқыды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/language/press/news/details/1285088?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version