«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес сот шешімімен әрекетке қабілетсіз деп танылған кәмелетке толған азаматтарға қорғаншылық белгіленеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 382 қаулысымен бекітілген Қорғаншылық және қамқоршылық функцияларын жүзеге асыру қағидаларына сәйкес, қорғаншылық және қамқоршылық, оның ішінде әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдардың мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында белгіленеді.
Әрекетке қабілетсіз адамдарға қорғаншылықты белгілеу жергілікті атқарушы органмен жүзеге асырылады. Қорғаншының өкілеттіктерін растау мақсатында Басқарма басшысының бұйрығы беріледі.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) Мемлекеттік корпорация;
3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы.
Өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:
1) «Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 1, 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат немесе қызметті алушының цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) азаматтың әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп тану туралы сот шешімі;
4) неке қию немесе бұзу туралы куәлік;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 026/е нысаны бойынша дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысын (қамқоршылық белгіленген жағдайда);
6) «Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20665 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте тұрғаны туралы мәліметтердің жоқ екені туралы анықтамалар;
7) 18 жастан асқан отбасы мүшелерінің әлеуетті қамқоршысымен бірге тұратын барлық адамдарға қамқоршылық белгілеуге жазбаша келісім (егер қамқоршы қамқоршымен бірге тұрады деп болжанған жағдайда) (еркін түрде).
Құжаттарды қараудың жалпы мерзімі және қорғаншылықты немесе қамқоршылықты белгілеу не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту 19 (он тоғыз) жұмыс күнін құрайды.
Толығырақ ақпарат алу үшін Басқармаға мына мекен-жай бойынша хабарласуға болады: Бейбітшілік көшесі, 9 үй, 128 кабинет, байланыс телефоны: 55-67-97.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uzsp/press/news/details/1285017?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау