Алаяқтық туралы ескерту!
Әлеуметтік желілерде екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы «некені тіркеу мерзімін ұзарту» қажеттігі туралы шындыққа жанаспайтын ақпарат таралуда. Аталған ақпарат алаяқтық сипатқа ие.
Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі ескертеді: неке-отбасы заңнамасына сәйкес неке бір рет тіркеледі және оның қолданылу мерзімі белгіленбейді. Осыған байланысты некені ұзарту талап етілмейді.
Неке ерлі-зайыптылардың біреуінің немесе екеуінің өтініші бойынша некені бұзу арқылы, сондай-ақ заңнамада көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылуы мүмкін.
Некені бұзу тек тіркеуші орган арқылы немесе сот тәртібімен жүзеге асырылады.
Некені тіркеуші орган арқылы бұзған кезде неке некені бұзудың мемлекеттік тіркелген күнінен бастап тоқтатылады, ал сот тәртібімен бұзылған жағдайда – сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап тоқтатылады.
Осыған байланысты азаматтарды мұндай хабарламаларға сенбеуге, оларда көрсетілген сілтемелерге өтпеуге және үшінші тұлғаларға дербес деректерін бермеуге шақырамыз.
Дұрыс әрі өзекті ақпарат алу үшін тек ресми ақпарат көздеріне жүгінуді ұсынамыз.
ҚР Әділет министрлігі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-mng/press/news/details/1285016?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау