Жаңа оқу жылының басталуына орай Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері Астана қаласындағы Қаныш Сәтбаев атындағы №61 мектеп-лицейде өткен «Білім күніне» арналған салтанатты іс-шараға қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – «Заң мен тәртіп» идеологемасын ілгерілету, полицияның оң имиджін қалыптастыру, жас ұрпақтың құқықтық және патриоттық мәдениетін арттыру, сондай-ақ балалар мен полиция қызметкерлері арасындағы өзара сенім мен ынтымақтастықты нығайту.
Мерекелік шара барысында көлік полицейлері алғаш мектеп табалдырығын аттаған балаларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, оларға ІІМ-нің «Полиция және балалар» атты бояу кітапшаларын тарату етті. Сонымен қатар, «Жас сақшы» полиция сыныптарының оқушыларымен арнайы тақырыптық сабақтар өткізді. Кездесу барысында оқушыларға қоғамдық тәртіпті сақтау мен жеке қауіпсіздік қағидаларын жан-жақты түсіндірді.
Бұдан соң, сақшылар білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие жұмыстарының ұйымдастырылуымен етене танысып, балаларға жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Осындай іс-шаралар Департаменттің аумақтық басқармалары мен бөлімдерінде де ұйымдастырылды. Атап айтқанда, Қостанай, Шу, Түрксіб және Қызылорда станцияларындағы қызметкерлер аталған қалалардағы «Жас сақшы» сыныптарының тәрбиеленушілерімен кездесіп, олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және полицейлерге деген сенімін нығайтуға бағытталған сабақтар өткізді.
Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-transport/press/news/details/1284999?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау