Таза ауадағы жаттығу – кәсіби шеберлікті шыңдаудың маңызды бөлігі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының №20 өрт сөндіру бөлімінде жеке құрамның дене шынықтыру және кәсіби даярлық деңгейін арттыру мақсатында таза ауада жаттығу өткізілді. Жаттығу барысында газ-түтіннен қорғау қызметінің (ГТҚҚ) буыны тартылып, тыныс алу аппараттарымен практикалық жұмыстар жүргізілді. Өрт сөндірушілер арнайы тыныс алу аппараттарымен физикалық жүктемелерді орындап, жоғары төзімділік пен шапшаңдықты талап ететін жаттығуларды пысықтады. Мұндай жаттығулар қызметкерлердің дене дайындығын жетілдіріп қана қоймай, төтенше жағдай кезінде күрделі жағдайларда жедел әрі тиімді әрекет ету дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1284998?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version