Әлеуметтік желілерде екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары арқылы некені «тіркеу мерзімін ұзарту» қажеттілігі туралы жалған ақпарат таралуда. Аталған ақпарат алаяқтық сипатқа ие.
Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі ескертеді: неке-отбасы заңнамасына сәйкес неке бір рет тіркеледі және оның белгіленген қолданылу мерзімі жоқ. Осыған байланысты некені ұзарту талап етілмейді.
Неке ерлі-зайыптылардың біреуінің немесе екеуінің де өтініші бойынша некені бұзу арқылы, сондай-ақ заңнамада көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылуы мүмкін.
Некені бұзу тек тіркеуші орган арқылы немесе сот тәртібімен жүзеге асырылады.
Некені тіркеуші орган арқылы бұзған кезде неке некені бұзудың мемлекеттік тіркелген күнінен бастап тоқтатылады, ал сот тәртібімен бұзылған жағдайда – сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап тоқтатылады.
Осыған байланысты азаматтарды осындай хабарламаларға сенбеуге, олардағы сілтемелерге өтпеуге және үшінші тұлғаларға дербес деректерін бермеуге шақырамыз.
Дұрыс әрі өзекті ақпарат алу үшін тек ресми ақпарат көздеріне жүгінуге кеңес береміз.
ҚР Әділет министрлігі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-mng/press/news/details/1285386?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау