Полиция қызметкері ұйқыдағы отбасыны өрттен құтқарды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

1 қыркүйекке қараған түні Батыс Қазақстан облысына қарасты Жаңақала ауданы Қырқопа ауылының учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Нұрмұханов Нұрлыбай әдеттегідей ауылдағы есепте тұрған тұлғаларды тексеру және қоғамдық тәртіпті қадағалау мақсатында түнгі аралауға шығады.

Ауыл тұрғындары шырт ұйқыда, төңірек жым-жырт. Түнгі сағат 04:30 шамасында полиция капитаны үйлердің бірінің ауласынан көкке көтерілген қою түтінді байқап қалады. Ойлануға уақыттың жоқ екенін түсінген Нұрлыбай ойланбастан оқиға орнына қарай ұмтылады. Үймен жанамаланып салынған мал қораның өртеніп жатқанын және жалынның тұрғын үйге қарай таралып бара жатқанын көреді. Ол үй тұрғындарын оятып, бала-шағасымен бірге қауіпсіз жерге шығарады. Өрт сөндірушілер келгенше үй иелерімен бірге қорадағы малдарды шығарып, жалынды құммен ауыздықтап, өрттің үйге өтуіне жол бермейді.

«Нұрлыбай келіп оятпағанда, бала-шағамызбен не боларымызды білмеймін. Отбасымызбен оған алғысымыз шексіз», – дейді үй иесі Есқали Мұратов.

Осылайша, полиция қызметкерінің дер кезінде жасаған әрекетінің арқасында бір отбасы тілсіз жаудан аман қалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zko/press/news/details/1285385?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version