2026 жылғы 3 қыркүйекте педагогикалық әдеп жөніндегі Кеңестің отырысы өтті. Отырыста Петропавл қаласындағы білім беру ұйымының педагогіне қатысты материалдар қаралды.
Кеңес ұсынылған құжаттар мен түсініктемелерді қарап, орын алған жағдайларға Қазақстан Республикасының заңнамасы мен педагогикалық әдеп нормалары талаптарын ескере отырып баға берді.
Қарау қорытындысы бойынша Кеңес педагогтің педагогикалық әдеп талаптары мен Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау қажеттігін атап өтті.
Кеңес білім беру ұйымының басшысына істің анықталған мән-жайларын және еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, педагогтің жауапкершілігі туралы мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарауды ұсынды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-sko/press/news/details/1285300?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау