Қостанайда аса ірі мөлшерде өзімен марихуана алып жүрген ер адам ұсталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қостанай қаласында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері 29 жастағы қала тұрғынын ұстады.

 

Ұсталған азамат автокөлікпен бокс добын тасымалдаған. Оның ішінен өсімдік тектес зат анықталды.

 

Сараптама қорытындысына сәйкес, табылған зат аса ірі мөлшердегі есірткі құралы — марихуана болып шықты.

 

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын, сондай-ақ есірткі затын сатып алу көзін анықтауға бағытталған қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

 

Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kostanay/press/news/details/1285301?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version