ЖАС ЖОЛ ИНСПЕКТОРЛАРЫ ЖОЛДА САҚ БОЛУҒА ШАҚЫРАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жас жол инспекторлары жол қозғалысына қатысушыларды қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға, жолда барынша мұқият әрі жауапкершілікпен әрекет етуге шақырады.

Жол қауіпсіздігі – әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Жаяу жүргіншілер жолды тек белгіленген орындардан кесіп өтіп, бағдаршам талаптарына назар аударуы қажет. Ал көлік жүргізушілері жылдамдық режимін сақтап, жаяу жүргіншілер өткелдеріне, әсіресе мектептер мен балалар көп жүретін аумақтарға жақындағанда аса сақ болуы тиіс.

Балалардың жол қозғалысы ережелерін дұрыс меңгеруі мен қауіпсіз жүріп-тұру дағдыларын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Осы бағытта жас жол инспекторлары өз қатарластарына жолда өзін дұрыс ұстау, жол белгілеріне мән беру, көлік қозғалысы кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Құрметті жол қозғалысына қатысушылар!
Жолда асығыстыққа жол бермей, өз өміріңіз бен өзгенің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қараңыз. Жол қозғалысы қағидаларын сақтау – қайғылы жағдайлардың алдын алудың ең тиімді жолы.

Жас жол инспекторлары баршаңызды жолда сақ болуға және қауіпсіздік ережелерін әрдайым сақтауға шақырады!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1284814?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version