«ӘР ТІЛДЕ – БІР ӘЛЕМ»
Тілдер күніне орай Еңбекші ауылдық мәдениет үйінде «Әр тілде – бір әлем» атты мәдени-танымдық іс-шара өтті.
Іс-шараға мәдениет үйінің қызметкерлері, кітапханашы, Еңбекші ауылдық округі аппаратының бас маманы және жастар нұсқаушысы қатысты.
Іс-шараны Диана Елтайқызы жүргізіп, оқушыларды үш топқа бөліп, төрт кезеңнен тұратын қызықты сайыс ұйымдастырды. Сайыс барысында қатысушылар өздерінің білімдерін, тапқырлықтарын және тілге деген құрметін көрсетті.
Сайысқа әділқазылар алқасы баға беріп, қатысушылардың өнері мен білімін саралады.
Іс-шараның көркем бөлімінде Зира Нұрданбекқызы «Ана тілім» атты өлеңін мәнерлеп оқыса, Мұса Сәбит күй орындап, ән шырқады.
Іс-шара соңында мәдениет үйінің директоры Абдибекова Жанар Жанатқызы сөз сөйлеп, қатысушыларға алғысын білдірді. Сонымен қатар белсенділік танытып, іс-шараға атсалысқан оқушылар марапатталды.
Тіл – халықтың рухани қазынасы, ұлттың айнасы. Ана тілімізді құрметтеу – әрқайсымыздың парызымыз!
Тіл – татулықтың тірегі, достықтың дәнекері!
Әр тілде – бір әлем!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-koksu-enbekshi/press/news/details/1285809?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау