Қызылорда облысының Шиелі ауданында агроөнеркәсіпсекторындағы жобалар белсенді жүзеге асырылып жатыр. Invest Caravan акциясы аясында облыс прокуроры РизабекОжаров екі инвестициялық нысанға барып, су үнемдеутехнологияларын қолдана отырып жүгері өсіру жобаларыныңіске асырылу барысымен танысты.
Жұмыс сапары барысында прокурор «Таң LTD» ЖШС және«Центр Семеноводства» ЖШС кәсіпорындарында болды. Әржобаға салынатын инвестиция көлемі 4 млрд теңгені құрайды.
Қазір жобалар практикалық кезеңде іске асырылып жатыр. Биылинвесторлар шамамен 2 мың гектар жерге жүгері егіп, 100-ге жуық жұмыс орнын ашқан.
Шиелі ауданы үшін мұндай өндірістерді дамыту ерекше маңызды. Заманауи технологияларды пайдалану ауыл шаруашылығыөндірісінің көлемін арттыруға және су ресурстарын тиімдіпайдалануға мүмкіндік береді.
Сапар барысында су ресурстарын тиімді пайдалану, заманауиагротехнологияларды енгізу және инвестициялық жобаларды іскеасыру мерзімдерін сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
«Инвестициялық жобалардың тек қағаз жүзінде қалып қоймауымаңызды. Біздің міндетіміз – олардың нақты қалай жүзегеасырылып жатқанын көру, туындаған мәселелерді дер кезіндеанықтау және мемлекеттік органдармен бірлесіп шешімін табу», – деді облыс прокуроры.
Сонымен қатар инвесторлармен мемлекеттік қолдау шаралары, бизнесті жүргізу жағдайлары, инвесторлардың құқығын қорғаутетіктері және ықтимал әкімшілік кедергілер талқыланды.
Жобаларды толық іске асыруды 2027–2028 жылдары аяқтаужоспарланған.
«Invest Caravan» аясындағы мұндай сапарлар инвестициялықжобалардың нақты іске асырылу барысын бағалап қана қоймай, инвесторлармен туындаған мәселелерді тікелей талқылауға, жобалардың мерзімін созуға жол бермеуге және кедергілерді солжерде жоюға мүмкіндік береді.
Өңірде инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жәнеинвесторлардың құқығын қорғау бойынша жұмыстар жалғасады.
Қызылорда облысының прокуратурасы әкімшілік кедергілерге немесе құқық бұзушылықтарға тап болған инвесторларды дереу 8-700-156-11-66, 27-77-47 немесе Call-орталық 115 телефонына хабарласуға шақырады.
Қызылорда облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kyzylorda/press/news/details/1285808?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау