Ақмола облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында іс-шаралар өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 4 қыркүйекте Шортанды кентінің орталық саябағында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Таза мекен – таза сана» жалпыұлттық акциясы өтті.

Акцияның негізгі мақсаты-халықтың экологиялық мәдениетін арттыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру және тұрғындарды туған өлкесін абаттандыруға және тазалығын сақтауға тарту.

Іс-шараға 200-ден астам адам қатысты: аудан тұрғындары, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, мәслихат депутаттары, ардагерлер, жұртшылық өкілдері, жастар, еріктілер, мектеп мұғалімдері мен оқушылары, сондай-ақ «Жасыл ел» еңбек жасағының қатысушылары.

Сағат 10:00-де Шортанды ауданының әкімі Сағындық Шабаровтың қатысуымен акция ашылды. Іс-шара аясында «Жасыл ел» белсенді қатысушыларын марапаттау рәсімі өтті.

Ашылғаннан кейін қатысушылар орталық саябақтың аумағын және оған іргелес учаскелерді тазалап, тұрмыстық қоқыстарды жинап, қоғамдық орындарды ретке келтірді.

Сағат 12:00 – де Шортанды кентінің №2 мектебінде экологиялық мәдениет және жеке жауапкершілік мәселелеріне арналған «Тазалық-өзіңнен» («Тазалық сенен басталады») экологиялық дәріс өткізілді. Жастар алдында аудан әкімінің орынбасары Шолпан Ахметова мен қазақ күресінен бапкер, «Дала қырандары» бастамашыл тобының үйлестірушісі Орал Айдын Ғабитұлы сөз сөйледі.

«Таза Қазақстан-таза мекен-таза сана!» аудан тұрғындарын туған өлкесін таза, абаттандырылған және өмір сүруге жайлы ету мақсатымен біріктірді.

 

#ТазаҚазақстан #ЧистыйКазахстан #TazaQazaqstan #TazaChallenge

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-shortandy/press/news/details/1285927?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version