«Дала төсіндегі еңбек – ауылдың берекесі»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Еңбекпен келген береке – ауылдың ырысы.
Ақшоқы ауылдық округі, Ақбауыр ауылының тұрғыны, «Тиштыбай» шаруа қожалығының жетекшісі Тиштыбай Ерік Дәуренбекұлы – туған жердің дамуына өз еңбегімен үлес қосып жүрген іскер азаматтардың бірі.
Ерік Дәуренбекұлы биыл, 2026 жылы, екінші жыл қатарынан 1000 гектар алқапқа егін егіп, соның ішінде 700 гектардан өнім жинап, егін орау науқанын жүргізіп жатыр. Бұл – үлкен жауапкершілікті, қажырлы еңбекті және ауыл шаруашылығына деген зор бейімділікті талап ететін ауқымды жұмыс. Егіншілік – табиғаттың қатаң сынына қарамастан маңдай термен өнім өндіретін берекелі еңбек. Диқанның әрбір атқан таңы, әрбір төккен тері – дастарқанымыздың молшылығына, ауыл экономикасының нығаюына қосылған үлес. Осындай еңбекқор шаруалардың арқасында ауыл шаруашылығы алға басып, туған жердің әлеуеті арта түседі.
«Тиштыбай» шаруа қожалығының биылғы жұмысы – еңбек бар жерде береке бар екенінің айқын көрінісі. Егістіктің көлемін сақтап қана қоймай, өнім жинау ісін жүйелі жүргізіп отырған шаруашылықтың еңбегі көпке үлгі.
Ерік Дәуренбекұлына мол өнім, еңбегінің жемісін көруді, шаруашылығының өркендеп, техникалық мүмкіндіктерінің арта беруін тілейміз! Ақ жол, ақ мол болсын! Дала төсіндегі еңбектің берекесі артып, қамба астыққа толсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-akshoky/press/news/details/1286082?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version