Әр отбасының материалдық және әлеуметтікжағдайы әртүрлі. Бір отбасының тұрақты жұмысы мен табысы болса, енді бір отбасына өмірінің белгілібір кезеңінде мемлекет тарапынан көбірек қолдауқажет болуы мүмкін.
Адамның өмір жағдайы бір қалыпта тұрмайды. Әртүрлі себептерге байланысты отбасының тұрмысыжақсаруы да, керісінше қиындауы да ықтимал.
Сондықтан бағалау кезінде отбасының жалпықазіргі жағдайын және оның әлеуметтік тұрақтылық деңгейін сипаттайтын факторларды кешенді түрдеескеру маңызды. Бұл отбасының нақты уақыттағы қай топқа жататынын және мемлекеттік қолдауға кімдермұқтаж екенін дәлірек анықтауға мүмкіндік береді. Толығырақ бейнероликтен көріңіз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/trud-astana/press/news/details/1286083?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау