«Жасыл ел» жастар жасағы — тазалық пен көркейтудің бастауында!
Ауылымызды көркейту, қоршаған ортаны таза ұстау және жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының қатысуымен кезекті тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.
Ел табиғатын қорғауды өздерінің азаматтық борышы деп санаған белсенді де жалынды жастар туған жердің тазалығына өз үлестерін қосты.
Атқарылатын жұмыстар:
-
Қоғамдық орындарды тазалау: Елді мекендегі саябақтар, балалар және спорт алаңдары, сондай-ақ орталық көшелер тұрмыстық қоқыстардан арылтылды.
-
Көгалдандыру және абаттандыру: Жасылелдіктер ағаштар мен бұталарды ретке келтіріп, ағаш түптерін әктеу және гүлзарларды күтіп-ұстау жұмыстарын жүргізді.
-
Қоқыстарды шығару: Жиналған қалдықтар сұрыпталып, арнайы белгіленген орындарға тасымалданды.
Еңбекқор әрі табиғатжанды жастарымызға алғыс білдіреміз!
Тазалық — саулық кепілі, ал таза ауыл — баршамыздың ортақ мақсатымыз. Ауылдың ажарын кіргізіп, табиғатын аялауға әрбір тұрғын атсалысуы тиіс!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-zhylysai/press/news/details/1286084?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау