29 тамыз күні діни бірлестік өкілдері арасында үстел теннисінен спорттық жарыс ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – діни бірлестік өкілдері арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және спортқа деген қызығушылықты арттыру. Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді: 1-орын – Ахмет Ишан Оразайұлы атындағы мешіттің наиб имамы Абдурроһман Мусаев; 2-орын – «Агапе» шіркеуінің басшысы Александр Диллер; 3-орын – Ахмет Ишан Оразайұлы атындағы мешіттің шәкірті Дарын Әлішеров. Жарысқа белсенді қатысқан барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды. Спорттық іс-шара діни бірлестік өкілдері арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастықты арттырып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-din/press/news/details/1285625?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау