15 қыркүйек – Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскерінің күні қарсаңында осы жауапты саланың дамуына өзіндік үлесін қосып, ұзақ жылдар бойы адал еңбек етіп келе жатқан мамандардың өнегелі еңбек жолымен таныстыруды жалғастырамыз.
Санитариялық-эпидемиологиялық қызметке бар ғұмырын арнаған жанның бірі – Шолпан Алдунғарқызы Ешенгазина. 1978 жылы Шолпан Алдунғарқызы Ешенгазина Қарағанды медициналық училищесіне санитарлық-фельдшерлік бөліміне оқуға түсіп, 1981 жылы оқу орнын ойдағыдай аяқтады. Жолдамамен Семей облысының Аягөз қаласына жұмысқа жіберілді.
1981 жылдан бастап аудандық санитариялық-эпидемиологиялық станцияның (СЭС) коммуналдық бөлімінде еңбек етіп, құнды кәсіби тәжірибе жинақтады және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етуге өз үлесін қосты.
1982 жылдан бастап Талдықорған аудандық санитариялық-эпидемиологиялық станциясында коммуналдық бөлімде еңбек жолын жалғастырды.
1997 жылы Қарағанды қаласына қоныс аударып, өңірлік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласында жұмысын жалғастырды. Кейін Октябрь санитариялық-эпидемиологиялық станциясында қызмет атқарып, зейнеткерлікке шыққанға дейін өз міндеттерін абыроймен әрі жауапкершілікпен атқарды.
Шолпан Алдунғарқызының еңбек жолы — санитариялық-эпидемиологиялық салаға деген адалдық пен жауапкершіліктің айқын көрінісі. Сан жылдар бойы атқарған еңбегі, жинақтаған мол тәжірибесі мен кәсіби білімі ел денсаулығын қорғау ісіне қосылған бағалы үлес болып табылады.
Құрметті Шолпан Алдунғарқызы!
Сізді Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Салаға сіңірген еңбегіңіз бен абыройлы қызметіңіз үшін зор алғысымызды білдіреміз.
Сізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық пен береке, әр күніңізге қуаныш пен шаттық тілейміз. Еңбегіңіздің жемісін көріп, әрдайым жақындарыңыздың құрметі мен ықыласына бөленіп жүре беріңіз!
Мерекеңіз құтты болсын!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/1285977?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау