ЕҢБЕК МИНИСТРЛІГІ БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ОРНАЛАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖҰМЫССЫЗДАРДЫ ЕСЕПТЕН ШЫҒАРУ ТӘРТІБІН ТҮСІНДІРДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ЕҢБЕК МИНИСТРЛІГІ БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ОРНАЛАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖҰМЫССЫЗДАРДЫ ЕСЕПТЕН ШЫҒАРУ ТӘРТІБІН ТҮСІНДІРДІ

Жұмыс берушілер қызметкерді жұмысқа қабылдағанға дейін бос жұмыс орындарын Enbek.kz сайтына орналастыруға міндетті. Ал азаматтың жұмысқа орналасқаны туралы мәліметтер мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы автоматты түрде есепке алынады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыс берушілердің бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді жариялау тәртібін, сондай-ақ азаматтардың жұмысқа орналасуын есепке алу және оларды жұмыссыз ретінде есептен шығару тетігін түсіндіреді. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, жұмыс берушілер барлық бос жұмыс орындары туралы мәліметті олар пайда болған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Электрондық еңбек биржасы Enbek.kz сайтына орналастыруға міндетті. Бұл ретте бос жұмыс орны қызметкерді ресми түрде жұмысқа қабылдағанға дейін жариялануы керек. Белгіленген тәртіптің сақталуы бос жұмыс орындары туралы ақпараттың өзекті болуын қамтамасыз етеді. Бірыңғай цифрлық платформа азаматтарға қолжетімді жұмыс орындары жөніндегі мәліметтерді ұсынады.  Бос жұмыс орындарын белгіленген мерзімде жарияламағаны, сондай-ақ алдағы уақытта қызметкерлердің жұмыстан босатылатыны туралы мәліметті ұсынбағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Заңбұзушылықтың сипаты мен қайталануына қарай ескерту жасалады, ал қайталанған жағдайда айыппұл салынады. Министрлік жұмыссыз ретінде есепте тұрған азаматтардың жұмысқа орналасуын есепке алу тәртібіне де ерекше назар аударады. Қазақстанда аталған үдеріс автоматтандырылған түрде мемлекеттік ақпараттық жүйелердің өзара ықпалдастығы негізінде іске асырылады. Жұмысқа орналасқан жағдайда, бес жұмыс күні ішінде мансап орталығына тиісті ақпарат беруге міндетті. Алайда азаматтың мансап орталығына хабарласпауы оның мәртебесін жаңартуға кедергі болмайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zhetysu/press/news/details/1285866?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version