Жеке инвестициялар – сотталған әйелдердің ұстау жағдайларын жақсартуға бағытталуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 3 қыркүйекте Бас прокуратура Қызметінің бастығы Мұрат Ахметов Республикадағы алғашқы модульдік кешеннің салтанатты ашылуын откізді.

Мемлекет басшысы және Бас Прокурордың тапсырмасын іске асыру аясында Алматы облысының прокуратурасы облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен бірлесіп, сотталған әйелдердің ұстау жағдайларын жақсартуға мақсатты жұмыстар жүргізуде.

Жобаның негізгі бағыттарының бірі – №10 мекемесі әйелдер колониясы сотталғандарының туыстарымен ұзақ мерзімді кездесулер өткізуге қолайлы жағдай жасау болды.   

Жүргізілген жұмыс барысында бірқатар жүйелі мәселелер анықталды:

          – инфрақұрылымның ескіруі, кездесулер өткізуге арналған 8 бөлмеден тұратын ғимарат 1972 жылы салынған;

          –  кездесулер өткізу орындарының төмен өткізу қабілеті – айына 64 сотталғанға дейін ғана;

          – кездесулерді журнал арқылы жүргізу, кездесулер беру кезектілігін айқындау рәсімінің ашық еместігі, шамадан тыс жүктеме сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасап, шағымдардың көбеюіне әсер етуде.

Қабылданған шаралар мен ұйымдастырушылық шешімдер:

          – жеке инвестор – «Bromart» ЖШС тартылып, модульдік ғимарат салу туралы Меморандум жасалды, сондай-ақ ескі кездесулер бөлмелеріне күрделі жөндеу жүргізу міндеттемесі жүктелді;

          – инвестор заманауи жиһазбен, санитариялық тораптармен және тұрмыстық техникамен жабдықталған 16 бөлмелі ғимараттың құрылысын аяқтады, сондай-ақ онда жеке балалар бөлмесі мен ас үй аймағы қарастырылған;

          – кездесулерге өтініштерді терминалдар арқылы беру, кездесулер кезегін электрондық түрде жүргізу есепке алу процестерін автоматтандыруға және олардың ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Оң әсері және қол жеткізілген нәтижелер:

          – ғимараттың құрылысы мен кездесулер өткізу орындарын жабдықтау жеке инвестордың қаражаты есебінен жүзеге асырылды, кейінгі пайдалану шығындары да инвесторға жүктелді;

          –  ұзақ мерзімді кездесулерге арналған бөлмелер саны 8-ден 24-ке дейін ұлғайтылды;

          – мекемедегі моральдық-психологиялық ахуал жақсарып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері барынша азайтылуда;

          – мемлекеттік бюджеттен шығындар қарастырылмаған, қабылданған ұйымдастырушылық шешімдер «Заң мен тәртіп» қағидатын іс жүзінде іске асыруға ықпал етуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-almaty-obl/press/news/details/1285867?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version