Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 51-5-бабының 4-тармағына және тұрғын үй инспекциясының кондоминиум объектісін басқару үшін уақытша басқарушы компанияны айқындау және тағайындау қағидаларына сәйкес, «Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» кондоминиум объектісін басқару үшін уақытша басқарушы компанияны айқындау жөніндегі конкурсқа құжаттарды қабылдау туралы хабарлайды.
Конкурс пәтерлердің және тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің кондоминиум объектісін басқару нысанын немесе кондоминиум объектісін басқару субъектісін таңдау туралы келісімге қол жеткізбеуіне байланысты өткізіледі.
Кондоминиум объектісі туралы мәліметтер
|
№ |
Мекенжай |
Басқару органы |
Салынған жылы, қабаттылығы, кіреберістер саны |
|
1 |
Ново-Ахмирово көшесі, 4 |
Иесіз |
1972 ж., 5 қабатты, 4 кіреберісті |
|
2 |
Ново-Ахмирово көшесі, 8 |
Иесіз |
1967 ж., 2- қабатты, 2- кіреберісті |
|
3 |
Ілияс Есенберлин даңғылы, 8 |
Иесіз |
2016 ж., 5- қабатты, 3- кіреберісті |
|
4 |
Егорова көшесі, 25 |
Иесіз |
1981 ж., 5-қабатты, 3- кіреберісті |
|
5 |
Космическая көшесі, 9 |
Иесіз |
1978 ж., 5-қабатты, 6- кіреберісті |
|
6 |
Шәкәрім даңғылы, 4/1 |
Иесіз |
1990 ж., 5-қабатты, 5- кіреберісті |
|
7 |
Промышленная көшесі, 12 |
Иесіз |
1949 ж., 2-қабатты, 2- кіреберісті |
|
8 |
Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы,49/1 |
Иесіз |
1963 ж., 4-қабатты, 3- кіреберісті |
Кондоминиум объектісін басқару бойынша қызметтер көрсетуге ниет білдірген әлеуетті басқарушы компаниялар осы хабарландыру орналастырылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысу үшін құжаттарды «Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөліміне» ұсынады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
- Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кондоминиум объектісін басқаруға қатысуға өтінім.
- Құқық қабілеттілігін растайтын құжаттардың көшірмелері:
- заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
- заңды тұлға үшін – жарғы.
- Цифрлық жүйелер арқылы алынған салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болуы (болмауы) туралы мәліметтер.
Анықтама құжаттарды ұсыну күніне дейінгі бір айдан ерте берілмеуге тиіс.
- Әлеуетті басқарушы компания қызметкерлерінің құрамында Қазақстан Республикасының «Кәсіптік біліктіліктер туралы» Заңына және кондоминиум объектісін басқару саласындағы кәсіптік стандарттарға сәйкес кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға кәсіптік біліктілігін тану туралы құжаты бар қызметкерлердің болуы туралы мәліметтер.
- Кондоминиум объектілерін басқару саласында жұмыс тәжірибесінің болуы туралы мәліметтер.
Құжаттар мемлекеттік және орыс тілдерінде, нөмірленген және тігілген түрде не Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімінің электрондық поштасына электрондық нысанда ұсынылады.
Басқарушы компанияның өтінімі өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткеннен кейін берілген жағдайда автоматты түрде қабылданбайды.
Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі әлеуетті басқарушы компанияларды конкурсқа қатысуға және белгіленген мерзімде құжаттардың толық топтамасын ұсынуға шақырады.
Мекенжайы: Өскемен қаласы, Шәкәрім даңғылы, 180.
Электрондық пошта: mahabbatturdybekova@gmail.com
Байланыс телефоны: 8 775 523 27 74
Құжаттарды қабылдаудың аяқталу мерзімі: 2026 жылғы 21 қыркүйек.
Кондоминиум объектісін басқаруға қатысуға өтінім
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-oskemen/press/news/details/1286079?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау