Кітап, квиз және ЖИ: Гоголь кітапханасы Ашық есік күніне шақырады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кітап оқып қана қоймай, тың дүниелерді зерттеп, танымдық ойындарға қатысып, жаңа ақпаратпен танысып, заманауи технологиялардың мүмкіндіктерін білуге болады. Осындай мазмұнды бағдарлама Қарағанды облыстық Н. Гоголь атындағы кітапханасында өтеді. 9 және 10 қыркүйек күндері кітапханада «Шексіз мүмкіндіктер: келіңіз, көріңіз, шабыт алыңыз» атты Ашық есік күні ұйымдастырылады.

Іс-шара барысында қонақтар кітапхананың тыныс-тіршілігімен кеңірек таныса алады. Кітапхана мамандары оның қорлары, каталогтары, электрондық ресурстары мен көрсететін қызметтері туралы айтып, оқырмандарға кітапхананың жаңа қырларын таныстырады. Бұдан бөлек, келушілерді түрлі интерактивті бағдарламалар күтіп тұр.

Қатысушылар өлкетану тақырыбындағы квизде білімдерін сынап, «Өзім оқыдым – сіздерге де ұсынамын» атты кітап квилтіне қатыса алады. Сондай-ақ жасанды интеллектінің заманауи мүмкіндіктерімен танысып, оны түрлі бағытта қолдану жолдарын білуге мүмкіндік бар. Ал кітап челленджі әлемді кітап беттері арқылы аралауға арналады.

Бағдарламада «Әдеби микс» библиографиялық шолуы мен «ART OPEN DAY: Өнер әлеміне есік аш!» атты музыкалық-интерактивті ойын да қамтылған.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Ашық есік күні балаларға да, ересектерге де қызықты болады.

Кітапхананың мекенжайы: Ерубаев көшесі, 44.

Телефон: (8-7212) 56-74-64.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1285850?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version