Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар үшін кедергісіз және қауіпсіз орта қалыптастыруға ерекше мән берілуде. Бұл бағыттағы жұмыстар Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы №253-VIII ҚРЗ Құрылыс кодексінің талаптарын іске асыру аясында жүргізілуде.
Осы мақсатта Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті объектілердің қолжетімді орта талаптарына сәйкестігін бағалау және сәйкестік туралы декларацияны келісу алгоритмін әзірледі.
Сәйкестік туралы декларация – аяқталған құрылыс объектісіндегі жұмыстардың бекітілген жобаға және мемлекеттік нормативтік талаптарға сәйкес орындалғанын растайтын құжат. Сонымен қатар, объектіні пайдалануға қабылдау кезінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қажетті жағдайлардың жасалғанын растау талап етіледі.
Осы талаптардың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Шымкент қаласы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің мамандары жаңадан салынып жатқан құрылыс нысандарына тұрақты бақылау жүргізуде. Нысандардың мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді орта талаптарына сәйкестігі зерделеніп, анықталған кемшіліктер бойынша тиісті шаралар қабылданады.
Бақылау барысында пандустардың, кіреберістердің, қозғалыс жолдарының, санитариялық тораптардың және басқа да қолжетімділік элементтерінің белгіленген талаптарға сәйкестігіне ерекше назар аударылады.
Қолжетімді орта – тек заңнама талабы ғана емес. Бұл әр азаматтың қауіпсіз әрі кедергісіз қозғалуына, қоғамдық өмірге толыққанды қатысуына мүмкіндік беретін жағдай. Сонымен қатар, ол қоғамның әлеуметтік жауапкершілігі мен өркениеттілігінің маңызды көрсеткіші болып табылады.
Қолжетімді қала – баршаға қолайлы қала!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-shymkent/press/news/details/1285848?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау