Бүгін аймақ басшысы Берік Уәли Қарауыл ауылында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға аудан әкімі Мейіржан Смағұлов, тиісті басқарма басшылары қатысты.
Жеке қабылдау барысында тұрғындар ауыл шаруашылығын дамыту, «Жайлау» бағдарламасы аясында несие алу және тұрғын үй мәселелері бойынша өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді.
Атап айтқанда, «Жайлау» бағдарламасы бойынша несие алуға ниетті 19 шаруашылықтың өтініші қаралды. Өтініш иесі алдағы уақытта бөлінетін қаражатты ниет білдіруші шаруашылықтардың санына қарай теңгерімді бөлуді сұрады.
Облыс әкімі азаматтардың өтініштерін тыңдап, көтерілген мәселелерді тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп зерделеуді тапсырды. Әрбір өтініштің заң талаптары аясында қаралып, нақты шешім қабылдануы қажеттігін атап өтті.
Облыс әкімінің азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауының алдында басқарма басшылары аудан тұрғындарын қабылдап, сауалдарына жауап берді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/1285910?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау