Турист үшін жаңа қаламен танысу тек көрікті жерлерді аралаудан ғана емес, күнделікті тұрмыстық мәселелерді шешуден де басталады. Қайда баруға болады, қажетті жерге қалай жетуге және керек қызметтерді қайдан алуға болады — осындай жағдайларда Астана қаласының туристік полиция қызметкерлері әрдайым көмек көрсетуге дайын.
Мәскеу қаласынан келген турист елорданың көрікті жерлеріне қызығушылық танытып, сондай-ақ SIM-карта сатып алатын орынды іздеп, туристік полиция қызметкерлеріне жүгінді.
Туристік полиция қызметкерлері қонаққа Астананың танымал көрікті жерлері туралы айтып, қажетті көмек көрсетті. Сондай-ақ SIM-картаны қай жерден сатып алуға болатынын түсіндірді.
Туристерге көмек көрсету — бөлініс жұмысының негізгі бағыттарының бірі. Қызметкерлер елорда қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың қалада еркін бағдарлануына көмектеседі, қажетті ақпарат береді және туындаған мәселелерді шешуге жәрдемдеседі.
Көрсетілген көмекке шынайы ризашылығын білдірген турист полиция қызметкерлеріне алғысын айтып, бейнеүндеу жазып қалдырды.
Мұндай сәттер елордада жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру үшін тәртіп пен қауіпсіздікпен қатар, қалаға келген әрбір қонаққа қарапайым адамдық ықылас танытудың да маңызды екенін көрсетеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-astana/press/news/details/1285895?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау