1. Жұмыс беруші жұмыскерді қысқарту туралы қандай мерзімде ескертуге тиіс?
Жұмыскерлердің саны немесе штаты қысқартылған кезде жұмыс беруші еңбек немесе ұжымдық шартта неғұрлым ұзақ мерзім көзделмесе, еңбек шартын тоқтатуға дейін кемінде бір ай бұрын жұмыскерді жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.
2. Қысқарту кезінде жұмыскерге қандай өтемақы төленеді?
Жұмыскерге жұмысынан айырылуына байланысты бір айдағы орташа жалақысы мөлшерінде өтемақы төленеді. Еңбек немесе ұжымдық шартта өтемақының бұдан да жоғары мөлшері көзделуі мүмкін.
3. Қысқарту бойынша жұмыстан босатылған кезде жұмыскер тағы қандай төлемдер алуға тиіс?
Жұмыс беруші жұмыскерге нақты жұмыс істеген уақыты үшін жалақысын, сондай-ақ еңбек шарты тоқтатылған күнге тиесілі барлық өзге де сомаларды төлеуге міндетті.
4. Пайдаланылмаған еңбек демалысы не болады?
Пайдаланылмаған ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысының күндері үшін жұмыскерге ақшалай өтемақы төленеді.
5. Жұмыс беруші тиесілі сомаларды төлемесе не істеу керек?
Жұмыскер жұмыс берушіге тиісті есеп айырысуды жүргізу туралы талаппен жүгіне алады. Егер мәселе шешілмесе, ол өзінің еңбек құқықтарын заңнамада белгіленген тәртіппен қорғауға, оның ішінде мемлекеттік еңбек инспекциясына жүгінуге құқылы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-enbek/press/news/details/1285601?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау