САРЫАҒАШ АУДАНЫНЫҢ БЮДЖЕТ КІРІСТЕРІНІҢ ОРЫНДАЛУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен аудан бюджетінің кіріс бөлігінің орындалу барысына қатысты жұмыс жиыны өтті. Жиынға ауданның экономика және қаржы бөлімінің басшысы Азамат Мұратов пен кірістер басқармасының басшысы Талғат Алиев қатысты.
Кездесу барысында аудан бюджетінің кіріс бөлігінің орындалу барысы талқыланып, салықтық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуі, жоспарлы көрсеткіштердің орындалуы және кірістер бойынша қалыптасқан ахуал сараланды.
Аудан әкімі жауапты сала басшыларына бюджет кірістерінің жоспарлы көрсеткіштерін қамтамасыз ету, салықтар мен міндетті төлемдердің толық әрі уақытылы түсуін бақылауда ұстау жөнінде нақты тапсырмалар берді. Сонымен қатар бюджет кірістерінің орындалуына қатысты жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп, тиісті көрсеткіштерге қол жеткізуді қамтамасыз етудің маңыздылығы атап өтілді.Жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырма беріліп, олардың орындалуы тұрақты бақылауға алынды.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1285602?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version