2026 жылғы 4 қыркүйекте Шымкент қаласы Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты Тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан халқы тілдерінің күніне орай «Қазақ тілі – Ұлы даланың ұлтаралық тілі» атты форум өтті.
Форумның мақсаты – мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлін айқындау, тіл мәдениетін көтеру және тіл саясатын жүзеге асырудағы озық тәжірибелерді ортаға салу болды.
Форумды Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек құттықтау сөзімен ашты.
Тіл жанашырларына Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Шымкент қаласы әкімдігінің алғыс хаттары табысталды.
Форумда Ахмет Байтұрсынұлының мұрасы және қазақ тілін білім, ғылым, мәдениет пен цифрлық ортада дамыту мәселелері талқыланды.
Баяндамашылар қатарында Айнұр Баймырза, Аман Абасилов, Меруерт Көпбаева, Болатбек Тілеубердиев болды.
Форумға қоғам қайраткерлері, зиялы қауым мен жастар өкілдері қатысып, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мәселелері бойынша пікір алмасты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/language/press/news/details/1286007?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау