Қазақстан халқы тілдері күніне орай Ұлытау облысында «Тіл – татулық тірегі» облыстық тіл фестивалі өтті.
Фестивальдің мақсаты – тіл арқылы ұлт бірлігін нығайту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен қолданыс аясын арттыру, қазақ тілін насихаттау.
Мерекелік шара барысында Ұлытау облысы әкімінің «Тіл жанашыры» сыйлығының жеңімпаздары марапатталды. «Үздік қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы – 2026» атанған Бұқар Амангелді Оразұлы Сәтбаев қаласындағы С.Сейфуллин атындағы гимназияның мұғалімі. «Тілге жанашыр кәсіпкер – 2026» атағын Жезқазған қаласындағы «Хан-Тағам» өнім өндірушісі Кәкімжанова Айгүл Қалдыбекқызы иеленді. «Үздік бейнеролик – 2026» номинациясының жеңімпазы – Сәтбаев қаласындағы №3 мектептің мұғалімі Оразалы Бағлан Дүйсебекұлы. «Тіл шебері – 2026» атанған Соколовский Евгений Евгеньевич – Сәтбаев қаласы білім бөлімінің әдіскері. «Тіл майталманы – 2026» атағын облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Түсіп Ізтөлеу Бекенұлы алды.
Сонымен қатар облыстың мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының алғысхатымен қоғам белсенділері Токишева Ақжарқын Ғалымқызы мен Төлеутаев Дастан Әбдірахманұлы марапатталды.
Фестиваль аясында облыстың қала-аудандарында ұйымдастырылған тіл фестивальдерінің үздіктері де анықталып, жүлделі орындармен марапатталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/language/press/news/details/1286023?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау